
Construction Site
Көрсетілімдер
Бағдарламада
Оқиғаны аса дәл бақылаған бұл туындыны нағыз синефилдің синефилдерге арнап түсіргені көрініп-ақ тұр. Белгілі бір алаңның адамдарды қалай біріктіретініне және олардың арасындағы қарым-қатынасты қалай қалыптастыратынына терең үңілген бұл фильм америкалық деректі киноның классигі Фредерик Вайсманның еңбектерін еске салады. Десе де, Брон өзіндік қолтаңбасын сақтап қалады: оның объективіндегі шынайы өмірдің кей сәттері тіпті фантастикаға айналады.
- Бағдарламалар
- SPOT DOC × Tselinny
Синопсис
Режиссер Жан-Стефан Брон Париждегі аты аңызға айналған Paramount Theatre ғимаратының Ренцо Пьяно жобасына сай Pathé Palace-қа айналып, қайта жаңғыру процесін үш жыл бойы жіті бақылайды. Жеке шешімдер, қызу пікірталастар мен күнделікті қарбалас жұмыстың тасасынан «болашақ кинотеатры қандай болуы керек және ол қандай көрерменге арналмақ?» деген маңызды сұрақ пайда болады.
Фильм туралы
- Режиссер
- Jean-Stéphane Bron
- Жыл
- 2025
- Ел
- Швейцария, Франция
- Ұзақтығы
- 94 мин
- Жанр
- деректі
- Түпнұсқа атауы
- Le chantier
- Тілдер
- итальян, француз, ағылшын
- Жас шектеуі
- 6+
Шығармашылық топ
- Режиссер
- Jean-Stéphane Bron
Қолдауымен
- Tselinny заманауи мәдениет орталығыЖаңа терезеде ашылады


