«Целинный» заманауи мәдениет орталығы

Өтетін орын туралы
«Целинный» заманауи мәдениет орталығы — бұрынғы кеңес кинотеатрының қайта жаңартылған ғимаратында орналасқан Алматыдағы тұңғыш жеке мәдени институция. Орталықтың басты мақсаты — Қазақстандағы, жалпы Орталық Азиядағы жергілікті интеллектуал және шығармашылық қауымдастықты қолдау әрі нығайту. Сонымен қатар «Целинный» өз кураторлық бағдарламасы аясында кино көрсетілімдерін өткізіп, жергілікті кинофестивальдерге қолдау көрсетеді.
Келуді жоспарлау
- Мекенжай
- Алматы, Масанчи көшесі, 59
- Қалай жетуге болады
- «Никольский базары» аялдамасына дейін № 18, 25, 113, 224 автобустармен немесе «№ 36 гимназия» аялдамасына дейін № 9 троллейбуспен бара аласыз. Жеке автотұрақ қарастырылмағандықтан, көлігіңізді жақын маңдағы басқа тұраққа қоюға кеңес береміз.
- Қолжетімділік
- «Целинный» ғимаратында баспалдақ та, табалдырық та жоқ. Бұл арбамен жүретін көрермендер үшін өте қолайлы. Залдағы арнайы әжетхана мен орындар жайлы ақпаратты әкімшіліктен нақтылай аласыз.

