Мазмұнға өту
  • KK
  • /RU
Фестиваль навигациясыБағдарламаКестеӨтетін орындарСеріктестерБіз туралыЖиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік желілер
  • Жаңа терезеде ашылады
  • Жаңа терезеде ашылады
  • Жаңа терезеде ашылады
  • Жаңа терезеде ашылады
  • Жаңа терезеде ашылады

© 2026 QARA Studios

Жиі қойылатын сұрақтар

Фестиваль қашан, қайда өтеді?

SPOT Film Festival 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда өтеді. Фильмдер екі алаңда: көркем фильм бағдарламасы — KINOFORUM (Сейфуллин даңғылы, 617, FORUM СОО, 5-қабат) кинотеатрында, ал деректі кино — «Целинный» заманауи мәдениет орталығында (Масанчи көшесі, 59) көрсетіледі.

SPOT фестиваліне өзім түсірген фильмді ұсына аламын ба?

SPOT Film Festival — байқау емес: фестиваль open call өткізбейді, фильм қабылдамайды және жүлде табыстамайды. Бағдарламаны фестивальдің кураторлар тобы жасақтайды.

Фестиваль аясында фильмдер бірнеше рет көрсетіле ме?

Иә, кейбір фильмдерді қайталап көрсетеміз. Толық кестені фестиваль сайтынан таба аласыз.

Фильмдер қай тілде көрсетіледі?

Барлық фильм түпнұсқа тілінде көрсетіледі, қазақ және орыс тіліндегі субтитр болады.

Талқылар, режиссерлермен кездесулер немесе арнайы іс-шаралар бола ма?

Деректі кино бағдарламасы аясында сарапшылардың қатысуымен Q&A-сессиялар өтеді. Бұл фильмдердің тақырыбы мен идеясын тереңірек талқылауға мүмкіндік береді. Арнайы іс-шаралар мен қатысушылар туралы толық ақпаратты фестивальдің сайтында және Instagram парақшасында жариялаймыз.

Жас шектеуі бар ма?

Иә, әр фильмге арналған жас шектеуі бар. Ол Freedom Афиша (Ticketon) мен фестиваль сайтында көрсетілген. Жас шектеуі бойынша ереже қатаң сақталады, сондықтан кіреберісте әр билет тексеріледі. 18+ және 21+ фильмдерге кәмелет жасына толмағандарды ертіп кіруге рұқсат берілмейді.

Билетті фильм көрсетілетін алаңда сатып алуға бола ма?

Деректі киноның билетін «Целинный» кассасынан алуға болады. Ал KINOFORUM-да билет сатып ала алмайсыз — көркем фильм бағдарламасының билеті Freedom Афиша (Ticketon) сайтында ғана онлайн сатылады.